Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі мен өкілінің орынбасары Заһра Аршади Иранның адам құқықтарына қатысты әділетсіз және саясаттандырылған қарардан үзілді-кесілді бас тартатынын айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Заһра Аршади кеше, сәрсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші комитетінде Канаданың Иранға қарсы жыл сайын ұсынатын адам құқықтарына қарсы қарарына қатысты сөз сөйледі.
Аршади сөзінде қарардың сипатына тоқталып, оны үнемі жақсарту қажеттігін айтты. Сонымен қатар Аршади осы қарарды қолдаушы Канада, АҚШ, Ұлыбритания және Германияның Израиль режимінің айуандық қылмыстарын арсыз түрде қолдап отырғанын баса айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі мен өкілінің орынбасары АҚШ-тың Газа секторында жаппай қырып-жоюды тоқтатуға, дереу және тұрақты бітім орнатуға бағытталған кез келген қарар мен түзетулерге вето қоятынын және Германия мен АҚШ-тың Израильге басты қару-жарақ жеткізушілері болып табылатынын және олардың соғыс қылмыстарына қатысы барын айтты.
Аршади: “Ұлыбритания Израильдің кез келген қылмысын “өзін-өзі қорғау құқығы” деп ақтайтын АҚШ-ның саясатын қолдайды. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Газа секторында болып жатқан оқиғаларды геноцид деп атаудан бас тартады. Канада Газа секторындағы геноцид туралы не үндемейді, не түрлі сылтаумен Израиль режимін нығайту үшін қарулы күштерін жіберіп отыр”,- деді.



















