Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ливияда орын алған алапат тасқынға байланысты елдің халқына көңіл айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Канани Ливияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Дерна қаласында «Дэниель» циклоны тудырған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтарының қаза болуы мен жоғалып кетуіне өкініш білдіріп, Ливия халқы мен үкіметіне көңіл айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ливия халқы мен үкіметіне, осы табиғи апат құрбандарының отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге денсаулық тіледі.
Ресми дереккөздерге қарағанда, Ливиядағы су тасқынынан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясы (IFRC) Ливиядағы су тасқыны салдарынан хабар-ошарсыз кеткендердің саны 10 мың адамға дейін өскенін хабарлады.
Ливия ұлттық бірлік үкіметінің Премьер-министрі Абдул хамид Дибебе елде үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлады.

















