Иран мен Әзірбайжан президенттерінің қатысуымен екі елдің бірқатар атқарушы органдарының өкілдері арасында ынтымақтастық туралы жеті меморандумға қол қойылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкаянның Әзірбайжанға сапары аясында екі елдің ресми тұлғалары Иран мен Әзірбайжан президенттерінің қатысуымен ынтымақтастық туралы бірлескен жеті меморандумға қол қойды.
Иран мен Әзірбайжан президенттерінің бірлескен мәлімдемесінен басқа Иран Ислам Республикасы мен Әзірбайжанның тиісті тұлғалары арасында көлік, бірлескен мәдени іс-шаралар, БАҚ, саяси кеңесулер, денсаулық сақтау және инвестиция салаларында ынтымақтастық орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұл құжаттар тараптардың негізгі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Тегеран мен Баку ынтымақтастығы бүкіл аймақ үшін маңызды. Екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы дамытуға және екі ел халықтарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан кеше, дүйсенбі күні түстен кейін Әзірбайжанға ресми сапармен барды. Пезешкианды Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Якуб Аюбов пен осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

















