Иран мен Алжир әртүрлі саладағы ынтымақтастық туралы алты келісімге қол қойды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран президенті Ибраһим Раисидің Алжирге ресми сапарының қорытындысы бойынша Иран мен Алжирдің жауапты тұлғалары екі ел президенттерінің қатысуымен мұнай-газ, ғылыми, технология мен ғылымға негізделген экономика, спорт, туризм және БАҚ саласындағы ынтымақтастық туралы 6 құжатқа қол қойды.
Алжир мемлекеттік ақпарат агенттігі APS мәліметінше, ел президенті Абдел-Маджид Табун бірлескен баспасөз мәслихатында Иранмен қарым-қатынасты тарихи деп атады.
Ибраһим Раиси тамыры терең екіжақты қатынасқа баса назар аударып, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды өрістетуге шақырды.
Еске сала кетсек, Ибраһим Раиси сенбі күні Алжир президенті Абдел-Маджид Табунның ресми шақыруымен жоғары дәрежелі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Алжирге ресми сапармен барды.
Бұл Ибраһим Раисидің Алжирге жасаған төртінші сапары. Ол 14 жыл бұрын осы елге ресми сапармен барған.
Иранмен достық әрі жылы қарым-қатынасқа ие Алжир осы елмен экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі.



















