Иран Ислам Республикасы мен АҚШ арасындағы санкцияларды жою және ядролық бағдарлама тақырыбы туралы Масқатта өткен жанама келіссөздер аяқталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оманның арағайындығымен жүзеге асырылған келіссөздерде Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи мен Америка Президентінің Таяу Шығыс ісі бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф сындарлы және өзара құрметке негізделген кеңістікте өз үкіметтерінің Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы және Иранға қарсы салынған заңсыз санкцияларды жою тақырыбындағы ұстанымдарымен Оман Сыртқы істер министрі Сайид Бадр Хамад Ал Бусаиди арқылы алмасты.
Тараптар келіссөздерді алдағы аптада да жалғастыруға келісті.
Айта кететін жәйт, екі жарым сағатқа созылған жанама келіссөздер аяқталған соң Иран мен Америка делегацияларының басшылары келіссөз өткен мекеннен шығып бара жатқан сәтте Оман Сыртқы істр министрінің қатысуымен бірнеше минут сөйлесті.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен бірге Оман астанасы Масқатта өткен жанама келіссөздерде оның орынбасарлары Маджид Тахт Раванчи, Казем Ғарибабади және Исмаил Бақайи бастаған Иранның тәжірибелі саясаткерлерінің тобы жүр.

















