Иран мен Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік ядролық бағдарлама бойынша ынтымақтастық шарттарын айқындады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік ынтымақтастық тоқтатылғаннан кейін өзара іс-қимылдың жаңа шарттары туралы келісті. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, 9 қыркүйек күні мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Иран мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде тараптардың қауіпсіздік мәселелеріне қатысты талаптары ескерілгенін айтты.
Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Каирде Тегеран мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы жаңа келісімге қол қойды.
Айта кетейік, Иран президенті Масуд Пезешкиан 2 шілде күні Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңға қол қойып, тиісті органдарға орындауға жіберді.
Бұл заңды Ислам кеңесі Мәжілісі 25 маусымдағы отырысында бекітіп, осы күні Конституцияны қорғау кеңесі оны мақұлдады.
Заңда Агенттік өкілдеріне Иран аумағында инспекциялық жұмыс жүргізуге тыйым салу қарастырылған. Иран билігінің мәлімдеуінше, Агенттіктің Тегеранның ядролық міндеттемелерді орындамағаны туралы жариялаған қарары Израиль шабуылдарына негіз болды.



















