Бүгін, 15 ақпан күні Иранның Басқару және жоспарлау ұйымының басшысы Давуд Манзур Иран мен Армения арасындағы сауда деңгейін жылына 3 миллиардқа дейін көтеру туралы келісімді жариялады.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Давуд Манзур Иран мен Арменияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының 18-ші отырысы барысында мәлімдеді.
Іс-шараға Теһранға ресми сапармен келген Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты. Давуд Манзур отырыста Армения Иранның экономикалық қарым-қатынастарындағы стратегиялық серіктесі екенін баса айтты.
Сонымен қатар, Иранның Басқару және жоспарлау ұйымының басшысы отырыстың өткізілуі Иран мен Армения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды жетістік екенін атап өтті.
Тараптар екі күндік сапар барысында Теһран мен Ереван арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының 18-ші отырысы аясында екі ел арасында 19 сала бойынша 21 тармақтан тұратын экономикалық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.
Айта кетсек, кеше, 14 ақпан күні Армения вице-премьері Мгер Григорян 15 армян шенеуніктерінен тұратын делегацияны бастап, Теһранға ресми сапармен келді.












