Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар ҚР Ұлттық ғылым Академиясының президенті Күнсұлу Закариямен кездесті.
Бүгін, қарашаның 22 күні ИИР Елшісі Джоукар Алматыға жасаған бірнеше күндік сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закариямен кездесіп, сұхбаттасты.
Тараптар кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми серіктестік туралы пікір алмасты.
Кездесуде Иран елшісі Джоукармен Алматыдағы ИИР Бас консулы Мохсен Фағани және консулдықтың мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде, дипломат Хейрандиш бірге жүрді.
Айта кетейік, 2023 жылғы 12 сәуірде ҚР Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар 2023 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Тұмыш Қанатқа сенім грамотасының көшірмесін тапсырған болатын.

















