Иран мен Гонконг өзара іс-қимылды нығайтуда зор әлеует пен мүмкіндіктерге ие.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Аббас Салеһи Гонконгтың Мәдениет, спорт және туризм министрі Розанна Лоумен кездесуінде мәлімдеді.
Азия елдерінің мәдени саласындағы ынтымақтастық форумына қатысу үшін Гонконгқа келген Сейед Аббас Салеһи Гонконгтың Мәдениет, спорт және туризм министрі Розанна Лоумен кездесті.
Аббас Салеһи кездесуде Иран Ислам Республикасының Гонконгпен мәдени, өнер, БАҚ және туристік байланысты жан-жақты дамытуға дайын екенін қуаттады.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі “Азия кинофестивалін” құру туралы ұсыныс жасап, елінің осы фестивальдің бірінші кезеңін өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ұсынысты әріптесі мақұлдады.
Тараптар жақын арада ұйымдастырушылық-техникалық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Кездесу барысында Гонконгтың жауапты тұлғалары Иран Ислам Республикасымен мәдени, өнер, БАҚ және туристік ынтымақтастықты дамыту бойынша кез келген бастаманы қолдайтынын мәлімдеді.



















