Иран мен Қытай өкілдері бірлескен зерттеу орталығын құру туралы келісімге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, екі елдің күріш шаруашылығы бойынша бірлескен зерттеу орталығы будандастырылған күріштің жаңа сорттарын әзірлеумен айналысады.
Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жиһад министрлігі хабарлады.
Орталық жұмысы бір гектардан 6 тоннадан астам өнім беретін құрғақшылыққа төзімді будандастырылған күріш сорттарын жасауға бағытталады.
Орталықты құру туралы келісім екі ел арасындағы 25 жылдық серіктестік жөніндегі келісім аясында жасалды.
Иранның Ауыл шаруашылығы жиһад министрінің орынбасары Ғоламреза Голмохаммади қазіргі уақытта Иран 2018 жылдан кейінгі санкциялар салдарынан көптеген халықаралық зерттеу ұйымдарының елден кетуіне байланысты ғылыми салада белгілі бір қиындықтарға тап болып отырғанын айтты.
Оның айтуынша, Иран Қытаймен ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.

















