Иран СІМ басшысы Сейед Аббас Арақчи Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қытай Сыртқы істер министрінің ресми шақыруымен Бейжің қаласына ресми сапармен барған Иран Ислам Республикасының СІМ басшысы Сейед Аббас Арақчи Ван Имен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи бейсенбі, 26 желтоқсан күні Аббас Арақчидің Қытай билігімен екіжақты қарым-қатынас және жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңесу үшін Қытайға ресми сапармен баратынын хабарлаған болатын.
Бақайи: “Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің ресми шақыруымен жұма күні басталатын Арақчидің Бейжіңге сапары Иранның он төртінші Үкіметіндегі Сыртқы істер министрінің осы елге алғашқы ресми сапары болады. Сапар барысында екіжақты қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылаумен қатар, аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы пікір алмасу жоспарлануда”, — деп мәлімдеді.



















