Иран Ислам Республикасының Ресейдегі Елшісі Казем Джалали Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастық келісімі екіжақты қарым-қатынастың барлық салаласын қамтитынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Казем Джалали ИРНА агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Елші екі ел арасындағы кіріспе және 47 баптан тұратын жан-жақты ынтымақтастық келісімі екіжақты қарым-қатынастың барлық саласын қамтитынын және оны әзірлеу кезінде мүдделердің тепе-теңдігі, тәуелсіздікті сақтау және екі елдің аумақтық тұтастығын құрметтеу ескерілгенін баса айтты.
Казем Джалали: “Бұған дейін Иран мен Ресей жан-жақты ынтымақтастық келісіміне қол қойып, оны 2001 жылы Иран Парламенті бекіткен болатын. Бұл келісім 20 жыл жарамды болып, 2021 жылы аяқталды.
Келісім, егер тараптар оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қарсылық білдірмесе, автоматты түрде бес жылға ұзарту механизмін қарастырғандықтан, 2026 жылға дейін ұзартылды.
Дегенмен, екі ел президенттері қазіргі келісім ескірген және қарым-қатынастың заманауи аспектілерін қамтымайды деген қорытындыға келді.
Біздің қазіргі қарым-қатынасымыз 24 жыл бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай кеңейді. Сондықтан, бұл келісімді көшбасшылармен келісе отырып жаңарту туралы шешім қабылданды.
Екі елдің сыртқы істер министрлері жаңа келісімді жаңарту және рәсімдеу үшін Иран Ислам Республикасының жоба дайындайтыны туралы келісімге келді. Бұл шамамен екі жарым, үш жылға созылды. Көптеген кездесулер мен талқылаулар өтті. Келісімге қол жеткізілгенге дейін көптеген өзгеріс енгізілді”, -деді.


















