Иран мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісім күшіне енді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Мәскеудегі Елшісі Казем Джалали РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Казем Джалали келісімнің Мемлекеттік Дума мен Федерация кеңесінде ратификацияланып, Президент Владимир Путиннің қол қойғанын және Иранда келісімді Парламент ратификациялап, Конституцияның Сақшылар кеңесі бекіткенін және Президент Масуд Пезешкианның құжатты заң ретінде шығарғанын еске салды.
Елші: “Екі елде де келісім заңды түрде бекітілгендіктен, құжат күшіне енді”, — деді.
Келісім мәтініне сәйкес, құжат тараптардың ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыру туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.
Ресей мен Иран арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге 2025 жылдың 17 қаңтарында Иран Президенті Масуд Пезешкианның Мәскеуге сапары аясында қол қойылды.













