Иран Президенті Масуд Пезешкианның Тәжікстанға сапары аясында екі ел арасында түрлі саладағы 23 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианның Тәжікстанға сапары аясында екі ел арасында 23 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
Душанбедегі Меллат сарайында өткен Тәжікстан мен Иран президенттерінің кең ауқымды екіжақты келіссөздерінің соңында әртүрлі саладағы ынтымақтастық туралы 10 жаңа құжатқа, сондай-ақ, екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.
Сонымен қатар кеше Душанбеде өткен бірлескен конференцияда Иран мен Тәжікстан кәсіпкерлері құны 450 миллион доллардан асатын 13 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Иран Президентінің Тәжікстанға сапары аясында қол қойылған құжаттардың қатарында дипломатиялық қатынасты нығайту, көлік ынтымақтастығын дамыту, діндердің жақындасуы, әкімшілік сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу, кеден, стандарттар, азық-түлік қауіпсіздігі, әйелдер мен отбасы, статистика, мұрағат және құжаттама, цифрлық технологиялар, әлеуметтік қызметтер мен білім саласындағы ынтымақтастық, гендік инженерия, ауыл шаруашылығы, инновациялық индустриялық-көрмелік ынтымақтастық бар.
Рахмон ирандық әріптесінің Тәжікстанға сапарын дос және бауырлас Иран елімен көпжақты қарым-қатынастың дамуындағы жаңа кезеңнің басы деп сипаттап, екі жақтың жаңа ынтымақтастық құжаттарына қол қоюын Душанбе мен Тегеран арасындағы ынтымақтастық үшін кең ауқымды ынтымақтастықтар үшін мүмкіндіктердің бар екендігінің дәлелі деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан, кеше 15 қаңтарда Душанбеге мемлекеттік сапармен келді.

















