Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мен Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Хьюго Шортер аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.
Исмаил Бақайи: “Мен кеңсемде Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Хьюго Шортермен кездесіп, келіссөз жүргіздім.
Біз аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін мәселелерді және Үкіметтердің барлығы халықаралық құқыққа сәйкес жауап беруі қажеттілігі жөнінде талқыладық”, — деп жазды.
Айта кетейік, Хьюго Шортер былтыр Ұлыбританияның Ирандағы елшісі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін Ұлыбританияның Ливандағы елшісі және Ұлыбританияның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі қызметін атқарды.



















