Иран БАҚ-та жарияланған мұнай экспортының азайғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Хамид Борд елінде мұнай экспортының жағдайы бұрынғысынша сақталғанын, БАҚ-да жарияланған Иранның мұнай экспортының азайғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Бас директор: «Бізде мұнайды сату және экспорттау бойынша жағдай жақсы», — деді.
Ұлттық мұнай компаниясының бас директоры мұнайды сату және экспорттау процесіне алаңдауға негіз жоқ екенін баса айтты.
Соңғы күндері кейбір БАҚ-да Иранның шикі мұнайының экспорты мен сатылымы төмендеді деген ақпарат тарады. Бұған дейін 2025 жылға ОПЕК-тің президенті болып сайланған Иранның Мұнай министрі Мохсен Пакнежад еліндегі мұнай өндірісі мен экспорттың тұрақтылығын сақтау жөніндегі жоспарлар жасалғанын, бұл мәселеде алаңдаушылық жоқ екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, ОПЕК-тің кезекті төрағалығы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иранға өтеді.












