Иран Бушер провинциясының Оңтүстік Парс (Канган) аймағында өзінің алғашқы жеке мұнай терминалын іске қосты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аталмыш терминалда Бангладештен келген танкерге жанармай құйылды.
Бұл іс-шара Иран Ислам Республикасының Кеден қызметі, Порттар және навигация ұйымы, Иранның Ұлттық газ компаниясы және Мұнай министрінің Кангандағы экспорттық қадағалау жөніндегі арнайы өкілдерінің бақылауымен жүргізілді.
“Парса Фидар Пайдар” терминалы сұйытылған газдың ірі газ тасымалдаушыларын қабылдауға арналған инфрақұрылыммен жабдықталған. Нысан қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қатаң сақтай отырып, танкерлерді жылдам арқандап, тиеуді қамтамасыз етеді.
Бұл терминал екі жыл бұрын салынып, Үкіметтің, Мұнай министрлігі мен Кеден қызметінің қолдауымен жұмыс істеуге рұқсат алған.
Аталмыш терминал ашылғаннан бері Оңтүстік Парс аймағында өз жұмысын бастаған Ирандағы алғашқы жеке мұнай терминалы болып табылады.
Терминал ресми түрде ашылғаннан кейін сұйытылған газ экспортының көлемін 50 пайызға ұлғайта алады.
Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік “Долфини” терминалы арқылы сұйытылған газды жылына үш миллион тоннаға дейін жеткізе алады.












