Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан қаңтар айында Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сапар барысында Масуд Пезешкианның Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуі жоспарланған.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуды, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылайды деп күтілуде.
Президент Пезешкианның сапары барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен басқа да ресми іс-шаралар жоспарланған.
Масуд Пезешкианның сапары Иран мен Тәжікстанның ынтымақтастықты нығайту және сындарлы диалогты қолдау ниетін көрсетеді.
Бұл Масуд Пезешкианның Иран Президенті лауазымына кіріскеннен кейінгі Тәжікстанға алғашқы ресми сапары болмақ.
Алайда, Масуд Пезешкианның Тәжікстанға сапарының нақты күні әлі белгісіз.
Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 2024 жылдың шілде айының 30 күні Иранға жұмыс сапарымен барған болатын. Сонымен қатар, тамыз айында Тәжікстан мен Иран азаматтары үшін визасыз режим енгізілді.


















