Иран 28 желтоқсан күні Ресейдің “Союз” зымыран тасығышының көмегімен үш жерсерігін ұшырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Жерді қашықтан зондтауға арналған жаңа Zafar-2, Kousar-1.5 және Paya атты жерсеріктері 28 желтоқсан күні Ресейдің “Союз” зымыран тасығышының көмегімен “Восточный” ғарыш айлағынан ғарышқа ұшырылады.
Жаңа Zafar-2 жерсерігі Zafar-1 жерсерігін ғарышқа ұшырудағы жұмысының сәтсіз аяқталуының орнын толтыру үшін әзірленген. Zafar-1 жерсерігі 2020 жылдың басында Simorgh зымыран тасығышының көмегімен ғарышқа шығарылған кезінде Үнді мұхитына құлаған болатын.
Тегеран жаңа Zafar-2 жерсерігін ғарышқа ұшыру арқылы еліндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының нақты карталарын жасау, өзендер мен көлдердегі су деңгейін дәл бақылау, сондай-ақ жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да табиғи апаттардан зардап шеккен аумақтардың карталарын жедел дайындауды жоспарлап отыр.
Иран бірнеше рет өз жерсеріктерін Ресейдің ғарыш айлақтарынан ұшырды.
Иран ғарыш бағдарламасын 2004 жылы іске қосты. Сонымен қатар Иран Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің негізін қалаушы 24 елдің бірі болып табылады.



















