Иран Президенті Масуд Пезешкиан 18 тамыз күні үш күндік ресми сапармен Арменияға барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкианның Арменияға сапары 21 тамызға дейін жалғасады.
Армения Экономика министрлігінің мәліметінше, Президент Пезешкианның сапары аясында 19 тамыз күні Ереванда Иранның жол құрылысы, ауыл шаруашылығы, логистика, фармацевтика, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.
Мұның алдында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатында Иран Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды.
7 тамыз күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Масуд Пезешкианның жақын арада Армения мен Қытайға баруды жоспарлап отырғанын айтты.


















