Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ресей астанасына 17 қаңтарда барады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Казем Джалали мәлімдеді.
Казем Джалали: «Осы сапарда Масуд Пезешкиан мен Ресей Президенті Владимир Путин жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қояды», — деді.
Сонымен қатар, Иран елшісі Ресейден Иранға газ жеткізу жобасының маңыздылығын айтып, мұндай жоспардың жақын арада жүзеге асуына үміт білдірді.
















