Иран Ислам Республикасының Еуразиялық экономикалық одақта бақылаушы мәртебесін алуы туралы құжатқа кеше, бейсенбі күні кешке одаққа мүше бес елдің басшылары қол қойды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, құжатқа қол қою рәсімі Санкт-Петербургте Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мохаммад Атабактың қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының соңындағы шарада өтті.
Рәсім барысында 20-дан астам құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Иран Ислам Республикасына Еуразиялық экономикалық одақта бақылаушы мәртебесін беру туралы қабылданған шешім де бар.
Аталмыш келісімді одаққа мүше елдердің парламенттері мақұлдап, оның негізгі ережелері Парламентте бекітілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың басшылары Санкт-Петербургтегі отырыс барысында осы келісімді жүзеге асыруға келісетіндерін мәлімдеді.


















