Иран президенті Масуд Пезешкианның Арменияға ресми сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян ИРНА агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян қазіргі уақытта Ереванның Иран президенті Масуд Пезешкианның сапарына белсенді дайындалып жатқанын айтты.
Ваан Костанян: “Бұл тарихи және көптен күткен сапар екі ел арасындағы саяси жақындасуды одан әрі нығайтып, экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
Сапар барысында екі ел арасында маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтеміз”, — деді.
Айта кетейік, Иран президенті Масуд Пезешкиан 18-21 тамыз күндері үш күндік ресми сапармен Арменияға барады.
Пезешкианның сапары аясында 19 тамыз күні Ереванда бизнес-форум өтеді.



















