БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестина бойынша кезектен тыс отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапармен барған Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдоллахиан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.
Кездесуде Гутерришпен Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар мен Газа секторындағы жағдайды талқылады.
Иран сыртқы саясат басқармасының басшысы халықаралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының, әсіресе оның Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина халқының қарсыласуын қолдау саласындағы өз міндеттерін орындауда шұғыл әрі батыл әрекет ету қажеттігін баса айтты.
Бұл кездесуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Гутерриш Газадағы гуманитарлық жағдайды апатты деп атап, барлық тараптың соғысты дереу тоқтатып, гуманитарлық көмек жіберуге назар аударуы керектігін баса айтты.
Гутерриш: «Бәріміз аймақта және әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға күш салуымыз керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі басымдығы гуманитарлық көмек жіберу және атысты тоқтату болып табылады. Біз саяси шешім жолын қуаттаймы», — деді.



















