Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 26 қазанда осы елге сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша сұхбат барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарының дәйекті түрде нығайып келе жатқаны қанағаттанушылықпен атап өтілді. Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі арасындағы Парламентаралық кеңестің бірінші отырысының жемісті нәтижелері ерекше қуатталды.
parlam.kz сайтының мәліметі бойынша ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды. Сапар аясында Ташкентте Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Парламенті Мәжілісі арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті.



















