Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов 2023 жылдың 27 қазанында араб елдері мен Израильдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қабылдады.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Алжир, Египет, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ, Палестина, Сауд Арабиясы және Израильдің Өзбекстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қабылдады.
Тараптар басқа да мәселелермен қатар Газа секторындағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Өзбекстанның тараптарды бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар арасында мыңдаған құрбанға әкеп соқтырған қарулы қақтығысты тоқтатуға және шешім табуда тек дипломатиялық құралдар мен халықаралық құқықты қолдануға тағы да шақыратыны баса айтылды.



















