Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кеңесу үшін кеше Абу Дабиге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаян және Біріккен Араб Әмірліктері басшысының орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаянмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық оқиғалар бойынша келіссөздер жүргізіп, пікір алмасады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи 10 мамыр, жексенбі күні Аббас Арақчидің Абу Дабиге Иран Ислам Республикасының көршілес елдермен тұрақты кеңесулері аясында ресми сапармен баратынын хабарлады.
Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи 10 мамыр, сенбі күні Сауд Арабиясы мен Қатарға сапармен барған болатын.



















