Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Манамаға сапары барысында Бахрейн Королі Иса ибн Салман әл-Халифамен кездесті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Бахрейн Королі Иса ибн Салман әл-Халифамен кездеcуінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделік танытты.
Иса ибн Салман әл-Халифа кездесуде Тегеранға барған сапары мен Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеймен кездесуінің жақсы естеліктерін есіне алды. Сонымен қатар Бахрейн Королі Тегеранға тағы баруға үміт білдірді.
Иса ибн Салман әл-Халифа аймақтағы соғыстар мен басқыншылықтарды тоқтату қажеттігін қуаттап, Бахрейннің аймақтағы барлық халықтың лайықты өмір сүруі үшін ұмтылатынын баса айтты.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи аймақтық және дипломатиялық кеңесулерінің жалғасында жоғары дәрежелі делегацияны басқарып, кеше, дүйсенбі күні түстен кейін Бахрейннің Манама қаласына келді. Осы сапардан кейін Аббас Арақчи Кувейтке аттанады.


















