Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына барды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, жексенбі, 24 тамыз күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи дипломатиялық делегацияны басқарып, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің шұғыл отырысына қатысу үшін Джиддаға ұшып кетті.
Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс отырысы бүгін, 25 тамызда Палестина халқына жасалып жатқан Израильдің басқыншылығын талқылау мақсатында өтеді.
Ислам ынтымақтастық ұйымы Бас хатшылығының мәліметінше, отырысқа қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері Израильдің басқыншылығын, режимнің Газаны басып алу жоспарын талқылау үшін бас қосады.
Кездесу барысында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Израильдің Газаны басып алу, геноцид, секторды қоршауға алу, халықты әдейі аштыққа ұшырату және газалықтарды күштеп көшіру сияқты қылмыстарына қарсы бірыңғай ұстанымын әзірлеу жоспарлануда.

















