Иран Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиан қазанның 9 күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Хосейн Ибрахим Тахамен Палестинадағы оқиғаларды талқылап, пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиан сионистік режимнің Газа секторында жасаған қылмыстары мен ислам елдерінің Палестина халқына көмектесу үшін талпыныс жасау қажеттігіне тоқталып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын өткізуге шақырды.
Амир Абдоллахиан Иран Ислам Республикасының Палестина мәселесіне байланысты ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын өткізуге дайын екенін жариялай отырып, Палестина халқына көмектесу үшін барлық ислам елдерін шұғыл әрекет етуге шақырды.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Израильдің Палестина халқына қарсы шабуылдарын айыптай отырып, сионистік режимнің басқыншылығына ортақ жауап беру үшін ислам елдерінің ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.
Хосейн Ибрахим Таха ұйымның атқару комитетінің Палестинадағы оқиғаларға қатысты жоспарына сілтеме жасап, Иран Сыртқы істер министрінің сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын өткізу туралы ұсынысын құптап, ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерін одан хабардар ететінін айтып, Палестинаға көмектесетінін қуаттады.












