Тәжікстан СІМ мәлімдеме жариялап, Таяу Шығыстағы қақтығысушы тараптарды зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін диалогты бастауға шақырды.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша осы ведомствоның мәлімдемесінде: «Тәжікстан Таяу Шығыстағы шиеленістің күрт күшеюіне, бейбіт тұрғындардың айтарлықтай шығынға ұшырауына және тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымның бұзылуына үлкен алаңдаушылық білдірді.
Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптай отырып, тараптарды зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін диалогты бастауға шақырады» деп жазылған.













