Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи сионистік режимнің жексенбі, қарашаның оны күні Дамаск маңындағы Зайнабия ауданындағы тұрғын үйге жасаған агрессиялық шабуылын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл шабуыл сириялық бірнеше бейкүнә азаматтың өлімі мен жарақат алуына соқтырды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы жексенбі күні кешке 10 қарашада басқыншы режимнің Сирия Араб Республикасының аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігіне бірнеше рет әскери шабуыл жасауы мен Израиль режимінің Газада жалғастырып жатқан геноцидіне және Ливанға қарсы агрессиясына тоқталып, оларды Израиль режимінің АҚШ пен Еуропаның кейбір басқа елдерінің сөзсіз қолдауының салдарында жалғасып жатқан қылмыстар санап, бұл мемлекеттерді де сионистік режимнің геноцид пен соғыс қылмыстарына қатысы бар деп атады.
Иран дипломаты палестиналықтар ұшырап жатқан геноцид пен сионистік режимнің Ливан мен Сирияға тұрақты басқыншылықтарына қатысты тиісті халықаралық ұйымдардың әрекетсіздігін айыптап, әлем қауымдастығын Израиль режиміне қарсы тиімді шара қабылдауға, соның ішінде қару-жарақ эмбаргосын енгізуге, БҰҰ-нан шығаруға және осы режимнің басшыларын қудалап, жазалауға шақырды.













