Сирия болашағын шетелдік араласусыз немесе мәжбүрлеусіз тек осы елдің халқы анықтауы керек.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани елінің Сирияның бірлігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын тағы мәлімдеп, Сирия болашағын шетелдік араласусыз тек осы елдің халқы анықтауы керектігін айтты.
Иравани сөзінде: “Иран Израиль басқыншы режимінің Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуын қатаң айыптайды. Бұл режим Сириядағы қазіргі жағдайды теріс пайдалану арқылы өзінің саяси мақсаттарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Сирияның инфрақұрылымын жоюды жалғастыруда.
Қауіпсіздік Кеңесі бұл басқыншылыққа қарсы тұрып, Израильдің Сирия жерлерін басып алуын тоқтату үшін батыл шара қабылдауы керек.
Иран мен Сирия өзара мүдде мен халықаралық құқықтық қағидалар негізінде дамып келе жатқан терең тарихи және достық қарым-қатынасқа ие.
Иран Сирия мен аймақта берік бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуде Біріккен Ұлттар Ұйымымен, аймақтық серіктестерімен және Сирия халқымен жұмыс жасап, өзінің сындарлы рөліне берік болып қала береді”,- деді.



















