БҰҰ-дағы Қытай елшісі әрі өкілі Фу Цун Қауіпсіздік кеңесінің Snapback механизмін қолдануын сындарсыз, ал Иран мен Еуропа Кеңесінің жуырдағы келіссөздерін табысты деп атап, келіссөздерді жалғастыруды сұрады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ-дағы Қытайдың тұрақты өкілі және елшісі Фу Цун Қауіпсіздік кеңесінің кеше, сейсенбі күнгі 2231 қарар мен “Ортақ қадам” туралы отырысында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағы, Германия, Франция, Ұлыбританияның Иранның сындарлы әрекеттерін құптап, Иранмен жаңа келіссөз өткізгенін айтты.
Фу Цун Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас хатшысы Рафаэль Гроссидің Иранға жасаған сапарын табысты деп бағалап: “Иранның Агенттікпен серіктестігі бұрынғысынша жалғасуда. Бұл жағымды өзгеріске қиыншылықпен қол жеткізілді. Барша осы мүмкіндікті пайдалануы керек. Иранның сындарлы қатынас ұстанып, келіссөздерді қайта бастау үшін әзірлігін мәлімдегеніне көп болды”, — деді.
Қытай елшісі “Ортақ қадам” бағдарламасы он жылдық қиын келіссөздердің нәтижесінде қалыптасқанын еске салып: “Бұл келісім — Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін дипломатиялық жолмен шешу үшін ең жақсы жол”, — деп баса айтты.
БҰҰ-дағы Қытайдың аға дипломаты Фу Цун келіссөздердің 2021 жылы келісім кезеңіне жақындағанын айтып: “Барлық тарап бұл диалогтарды бараны алаңдаушылықтан арылтып, келіссөздерге тиісті кеңістік қалыптастыру үшін пайдалануы керек.
Тараптар санкцияны пайдаланып, қарсы тарапқа қоқан-лоққы жасау арқылы қысым жасамауы керек. Иран мен Американың бір-біріне сенімсіздігі — келісссөздердің басталмауының басты себептерінің бірі.
Вашингтон Иранның ядролық дағдарысына негізгі кінәлі ретінде барынша қысым жасау әрекеттерінен бас тартып, өзінің ізгі ниетін көрсетуі тиіс.
АҚШ қайтадан максималды қысым саясатына бет бұрмауы керек. Шектеулі бірнеше ел Қауіпсіздік кеңесінің Snapback механизмін қоқан-лоққы немесе бопсалау құралы ретінде пайдаланбауы керек. Мұндай қоқан-лоққы сындарсыз.
Аймақтағы оқиғаларды Иранның ядролық бағдарламасымен баййланыстырудың қажеті жоқ. Тараптар Иранның ядролық бағдарламасы аясында қатынас жасауы керек. Тараптар Таяу Шығыста шиеленісті азайтуға ұмтылуы керек.
Барлық тараптан неғұрлым жылдамырақ келіссөздерді бастауды сұраймыз. Қытай “Ортақ қадам” бағдарламасындағы тараптармен жақын байланысын жалғастырады”, — деді.
















