Ресей президентінің Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі арнайы өкілі Михаил Богданов Мәскеудегі Иран елшісі Казем Джалалимен кездесуінде Сириядағы жағдайды талқылады.
Еуразия Тудейдің Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, келіссөздер барысында тараптар өңірге қатысты мәселелерді шешуде тығыз ынтымақтастық пен үйлестірудің маңыздылығын қуаттады.
Бұл кездесу екі елдің Таяу Шығыс алдында тұрған сын-қатерлерді шешуде бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылысын көрсетіп, олардың осы стратегиялық маңызды аймақтағы тұрақтылық пен өркендеуге деген ортақ мүдделерін растайды.
Ресей СІМ хабарламасында: «Әңгіме барысында Сириядағы қалыптасқан жағдайға басты назар аударылып, жағдайды тезірек тұрақтандыру, бейбітшілік пен келісімді сақтау, осы елдегі зорлық-зомбылық пен қантөгіске жол бермеу қажеттілігіне баса назар аударылды.
Сонымен қатар, Таяу Шығыстың өзекті мәселелері бойынша Мәскеу мен Тегеран арасындағы тығыз сыртқы саяси үйлестіруді жалғастыру келісілді”,- деп жазылған.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесуде тараптар Сирияның егемендігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге негізделген Сирия мәселесін жан-жақты реттеудің маңыздылығын қуаттаған.


















