Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Фатеме Моһаджерани алдағы жылы елінің әскери бюджетінің 200 пайыздан астамға артатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Фатеме Мохаджерани бүгін, қазанның 29, сейсенбі күні Иран президенті әкімшілігінің «Кәусар» ғимаратында тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді. Оның сөзі IRIB телеарнасынан таратылды.
Моһаджерани тілшілердің елдің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін қандай бағдарламасы бар деген сауалға елінің әскери бюджетінің алдағы жылы 200 пайыздан астамға артатынын мәлімдеді.
Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы елінің қорғаныс базасына ризашылық білдіріп: «Біздің ержүрек ерлеріміз батыл шайқасып, сергектік танытты. Олар еліміздің мақсат-мұраттары мен топырағын сақтау жолында мәңгілік сергек. Елдің қорғаныс қуатының өте жақсы күшін көрсеткен қорғаныс базасына тағы да алғыс айтамыз. Бюджетте білім, тәрбие, денсаулық сақтау, емдеу, негізгі азық-түлік, импорт, дәрі-дәрмек, көлік импорты және өнеркәсіп сияқты мәселелер қамтылуы керек.
Кейде біз халыққа неғұрлым көп ақша берсек, жағдай соғұрлым жақсы болатындай көрінеді. Бірақ олай емес. Инфрақұрылымға ақша жұмсалғанда, әсіресе, өнеркәсіпке дұрыс көңіл бөлген кезде жақсы нәтижелерге жетеміз», — деді.
Айта кетейік, Иран Үкіметінің ақпарат хатшысы бұл сөзді Израиль қазанның 26-на қараған түні Иранның кейбір әскери нысандарына шабуыл жасағаннан кейін мәлімдеді.














