Иран БАӘ өкілінің мәлімдемесіне жауап бергенде үш аралға қатысты елінің егемендігі талқылауға жатпайтынын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіндегі дипломаты Насер Асади Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отырысында Біріккен Араб Әмірліктері өкілінің мәлімдемесіне жауап бергенде Иран Ислам Республикасының Парсы шығанағындағы Абу-Мұса, Үлкен Томб және Кіші Томб аралдарына қатысты егемендігі даусыз және ешқандай келіссөзге жатпайтынын баса айтты.
Иран дипломаты:ъ «Абу-Мұса, Үлкен Томб және Кіші Томб аралдары әрдайым Иран аумағының ажырамас бөлігі болды, болып қала береді және болашақта да солай болады. Біздің бұл аралдарға қатысты егемендігіміз талқылауға жатпайды.
Біз бұл аралдарға қатысты кез келген талапты үзілді-кесілді қабылдамаймыз» деп кесіп айтты.
Насер Асади сондай-ақ «Парсы шығанағы» атауы Иран мен Арабия түбегі арасындағы су айдынының тарихи тұрғыдан дұрыс әрі ежелгі заманнан бері қолданылып келе жатқан жалғыз географиялық атауы екенін және бұл атаудың Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан ресми түрде танылғанын айтты.
Айта кетейік, 29 қыркүйектегі БҰҰ Бас Ассамблеясындағы БАӘ өкілі Халифа Шахин әл-Марар үш аралды БАӘ-нің аумағы деп атап, Иранның оларды «басып алуын» тоқтатуды талап еткен. БАӘ тарапы дауды тікелей келіссөздер арқылы немесе Халықаралық сотқа жүгіну арқылы шешуді ұсынған.
Ол Үлкен Томб, Кіші Томб және Абу-Мұса аралдарын БАӘ аумағының ажырамас бөлігі деп мәлімдеп, Иранның аралдардағы бақылауын «оккупация» деп сипаттаған, сонымен қатар Иранды аралдарға қатысты дауды тікелей келіссөздермен немесе Халықаралық сот арқылы шешуге шақырған.
















