Snapback процедурасы іске қосылса, Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан (ЯҚТШ) шығу нұсқасын қарастырып отыр.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Парламенті Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің өкілі Ибраһим Резаи сейсенбі, желтоқсанның 3-і күні тілшілерге мәлім етті.
Ибраһим Резаи Иран Сыртқы істер министрлігі мен Ұлыбритания, Франция және Германия арасындағы Женевада өткен жуырдағы келіссөздерге тоқталып: “Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади бұл талқылаулардың мақсатын Ислам революциясының жетістіктерін қорғау деп атап, Женевада келіссөздердің жүргізілмегенін, келіссөздерге қажетті мәтін болмағандықтан, тек пікір алмасулар мен талқылаулар болғанын мәлімдеді.
Трамп “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасы келісімінен шыққаннан кейін еуропалық елдер өз міндеттемелерін орындамады. Біз әлі де келіссөздер жүргізуде алыспыз.
Маджид Тахт-Раванчидің Иранның өзара іс-қимылдары туралы мәлімдемесіне сәйкес, Snapback процедурасы іске қосылған жағдайда, Иранның қарастырып отырған нұсқаларының бірі — Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу”,- деп баса айтты.



















