Иран әскерилері зымырандарына Испания Премьер-министрі Педро Санчестің суреттерін жапсыра бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранда зымырандарға Испания Премьер-министрі Педро Санчестің суретін жапсыру науқаны басталды.
Зымырандардың біріне Педро Санчестің суреті мен оның жақында АҚШ, Израиль және Иран арасындағы соғысты сынап айтқан сөздері жазылған.
Жапсырмалардың бірінде: «Әрине, бұл соғыс тек заңсыз ғана емес, сонымен бірге адамгершілікке жатпайды. Рақмет, Премьер-министр», -деп жазылған.
Тағы бір зымырандағы жапсырмада Испания Премьер-министріне Лондонға сапары кезінде Ирандағы АҚШ-тың әскери қылмыстарынан зардап шеккендерге көңіл айтқан сөздері үшін алғыс білдірілген.
Бұған дейін Испанияның Премьер-министрі Педро Санчес елінің өз құндылықтарына қайшы және бейбітшілікке зиян деп санайтын әрекеттерді қолдамайтынын мәлімдеді.
Санчес үкіметінің ұстанымы айқын әрі дәйекті екенін қуаттап, биліктің басты міндеті азаматтардың өмірін жақсарту, бағаның өсуіне, экономикалық тұрақсыздыққа және қауіпсіздікке қатер төндіретін қақтығыстарға тарту емес екенін баса айтты.

















