Тегеранда Иранның блокчейн және криптовалюта бойынша бірінші халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеранда блокчейн және криптовалютаға арналған екі күндік халықаралық deBlock 2025 конференциясы өтті.
Іс-шараға саясаткерлер, дипломаттар, қаржы технологиялары саласының сарапшылары, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум IRIB телерадиокомпаниясының халықаралық конференция орталығында халықаралық TV BRICS қолдауымен өтті.
Шара барысында Иран экономикасы мен әлемдік шаруашылықтағы цифрлық активтердің рөлі талқыланды. Конференцияда Тегеран қалалық кеңесінің мүшесі Әли Асқар Кайеми Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибафтың жолдауын оқыды.
Қалибаф жолдауында БРИКС және БРИКС+ елдерімен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға шақырып, цифрлық валюталар Иранның қаржылық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық сауданы дәстүрлі ақша жүйесінен тыс дамыта алатыны айтылған.
Шараға қатысушылар конференция қорытындысы бойынша билік, қаржы индустриясы және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіретін тұрақты диалог алаңын құру қажет деген ортақ пікірге келді.
Сонымен қатар, конференция аясында сараптамалық жұмыс топтары құрылды. Олардың міндеті мемлекеттік саясатқа арналған ұсыныстар әзірлеу, білім беру бағдарламаларын жасау және блокчейн технологиясын сауда, мемлекеттік басқару сияқты салаларда қолдану мүмкіндіктерін зерттеп, халықтың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту болып табылады.



















