Иранның Тегеран қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерінің төртінші отырысы өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, іс-шараға Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Иранның министрлері мен жоғары лауазымды өкілдері қатысуда.
Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, Оман Ішкі істер министрі мен Ирак Ішкі істер министрінің орынбасары қонақ ретінде қатысып отыр.
Отырыстың күн тәртібіне қауіпсіздік, құқық қорғау, полиция және шекара саласындағы ынтымақтастық мәселелерінен бөлек, әкімдер мен муниципалитеттердің рөліне баса назар аударылып, экономикалық және қалалық дипломатия тақырыптары енгізілген.
Қалалар арасындағы бауырластық байланыс орнатуға, өзара алмасуды кеңейтуге және осы саладағы бар әлеуетті жүзеге асыруға ерекше назар аударылатын болады.



















