Иранның Тегеран және Исфаһан қалаларында Ресей Федерациясының мәдениет апталығы өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Казем Джалали РФ Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышевпен кездесуінде мәлімдеді.
Казем Джалали кездесу барысында Иранның екі ел арасындағы кез келген мәдени іс-шараларды қолдайтынын қуаттады.
Сондай-ақ, Казем Джалали Мәскеудегі Иран елшілігінің ресейлік суретшілердің Тегеран мен Исфаһан қалаларында өтетін мәдениет апталығына қатысуына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Елші екі ел арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі салада нығайып келе жатқанына тоқталып, мәдениет саласын екі ел халықтарының мәдениетін өзара тануға ықпал ететін маңызды сала деп атады.
Казем Джалалидің айтуынша, Иран Ресеймен саяси және экономикалық байланыстармен қатар, мәдени байланысты да қолдайды.
Иранның екі ірі қаласында Ресей Федерациясының мәдениет апталығы 9-13 маусым аралығында өтеді.

















