97-ші “Оскар” сыйлығын табыстау рәсімінде ирандық анимациялық фильмі марапатталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран режиссерлері Ширин Сохани мен Хоссейн Молаемидің “Кипаристің көлеңкесінде” қысқаметражды анимациялық фильмі 2025 жылғы “Ең үздік анимациялық фильм” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығына ие болды.
Бұған дейін ирандық режиссер Асқар Фархадидің “Коммивояжер” фильмі (2017 жылы) “Ең үздік шетелдік фильм” номинациясы бойынша, “Надер мен Симиннің ажырасуы” фильмі (2012 жылы) “Шет тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығымен марапатталған болатын.
Айта кетейік, 97-ші “Оскар” сыйлығын тапсыру рәсімі 2025 жылдың 2 наурызында өтті.
1929 жылы алғаш тағайындалған америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының бұл сыйлығы 1940 жылдардан бастап “Оскар” сыйлығы деп аталып келеді.
“Оскар” сыйлығы жыл ішіндегі үздік кино туындыларға беріледі.















