Францияның Канн қаласында Иранның “Әуен” және “Қыз” атты фильмдері көрсетіледі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ирандық режиссер Беһруз Себт Расулдың “Әуен”, Реза Миркаримидің “Қыз” фильмдері 18 қыркүйекте Канн қаласындағы Espace Miramar кинотеатрында Канн фестивалінің “Канн бейсенбілігі — Иран фильміне баса назар аудару” бағдарламасы аясында көрсетіледі.
Иран мен Тәжікстан режиссерлары бірлесіп түсірген “Әуен” фильмі — науқас балаларға арналған мамандандырылған орталықта “Музыка” пәнінен сабақ беретін жас мұғалімнің өмірі жайлы. Мұғалім 30 шәкіртінің өтініші бойынша отыз түрлі құстың сайрауынан шабыт алып, күзгі мерекеге арналған шығарма жазуы керек болады.
“Әуен” фильмі бірнеше беделді кинофестивалда, атап айтқанда 2023 жылы Үндістанда өткен 21-ші Ченнай халықаралық кинофестивалында, 2024 жылы Иранда өткен 42-ші “Фаджр” халықаралық кинофестивалында, 2024 жылы Лондондағы 24-ші Кесвик кинофестивалында көрсетілді.
Мадридте өткен 23-ші Imagineіndia кинофестивалында бұл фильм тамаша табысқа жетіп, “Үздік операторлық жұмыс”, “Үздік дыбыс монтажы” және “Үздік түпнұсқа музыка” марапаттарына ие болды.
2016 жылы түсірілген “Қыз” фильмінде қатал әке мен жас қыздың оқиғасы баяндалады. Фильмде ұрпақтар арасындағы айырмашылық, дәстүр және жеке таңдау қарастырылған.
Фильм Үндістанның 47-ші халықаралық кинофестивалында “Алтын тауыс”, 38-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде “Алтын Георгий” жүлделерін алды. Сонымен қатар, фильм 15-ші Дакка кинофестивалінде “Үздік фильм” атанды.


















