Иран мен Тәжікстан кинематографистері бірлескен фильм түсіру жұмыстарын қолға алуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Тәжікстан кинематография саласында мәдени байланысты нығайтып келеді.
Екі елдің алғашқы “Қармаққа ілінген балық” бірлескен фильмі Тегеранда таныстырылып, Германияда халықаралық деңгейде премьерасын сәтті өткізді.
Бұл әріптестік екі халық арасындағы терең тарихи және тілдік байланысты, атап айтқанда, парсы мұрасына негізделген ортақ мәдени негіздерді айқындайды.
Режиссер Мухиддин Музаффардың аталмыш фильмі қақтығыстар мен қайшылықтар көлеңкесінде жиі қалып қоятын адамзаттың ортақ құндылықтарын баяндайды.
Картинаның түсіріліміне ирандық және тәжікстандық түсірілім топтары бірлесіп атсалысты.



















