Иранның Әділет министрі АҚШ пен Батыс елдерінің Иранға қарсы әділетсіз санкцияларын айыптап, ирандық балалардың жылдар бойы АҚШ пен одақтастарының соғыс, басқыншылық және әділетсіз санкцияларының құрбаны болғанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Әділет министрі Амин Хоссейн Рахими бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Наджиб Моло Маджидпен келіссөздер барысында мәлімдеді.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Колумбияға сапармен барған Амин Хоссейн Рахими конференция аясында БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі Наджиб Моло Маджидпен кездесіп, сұхбаттасты.
Иранның Әділет министрі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне өкініш білдіріп, оның ең қорқынышты мысалы ретінде Израиль режимінің Газа секторы мен Ливандағы балаларға жасаған қатыгез шабуылдарын атап: «Иран Ислам Республикасы Израильдің адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін айыптайды. Біз БҰҰ басшылығымен және басқа елдердің күш-жігерімен осы зорлық-зомбылықтың тоқтатылуы мен бұл қылмыстарға жауаптылардың халықаралық түрде жазаға тартылуын тезірек көреміз деп үміттенеміз»,- деп баса айтты.
Айта кетейік, «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату» атты халықаралық конференция қарашаның жетісі мен сегізі күндері Колумбияның Богата қаласында өтті. Амин Хоссейн Рахими халықаралық конференцияның негізгі баяндамашыларының бірі ретінде сөйлеген сөзінде Иран Ислам Республикасының балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі көзқарасы мен жоспары туралы айтты.

















