Иранның паратаэквондошылар командасы Бахрейндегі халықаралық жарысты сегіз медальмен аяқтады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Бахрейн астанасы Манамада 29 қараша күні 15 елден келген 56 спортшы қатысқан халықаралық жарыс өтті.
Параазиялық жастар ойындарына дайындалып жатқан Иран жастар құрамасы Бахрейндегі халықаралық бәсекеде 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алып, жарыс жеңімпазы атанды.
Бес алтын медальді Заһра Рахими, Айляр Джами, Амирхосейн Әлизаде, Амирмохаммад Хакикатшанас және Абулфазл Имани жеңіп алды.
Наргес Джавади, Розе Ибраһими және Ромина Чамсурки үш қола медаль алды.


















