Футзалдан әлем чемпионатында алғашқы голды соққан ирандық спортшы Салар Ағапур Иран-Венесуэла матчының үздік ойыншысы атанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Иранның ұлттық құрамасы алғашқы кездесуінде 7:1 есебімен жеңіске жетті.
Қарсылас командасына ирандық спортшылар Салар Ағапур, Махди Карими, Беһруз Азими, Беһруз Азимихематабади және Амирхоссейн Давуди гол соқты.
Иран мен Венесуэла, Гватемала мен Франция F тобында ойнайды.
Бұған дейін FutsalPlanet порталы 2019 жылғы мақаласында ирандық футзалшы Салар Ағапурды футзал әлеміндегі 10 үздік ойыншының қатарына жатқызған болатын. Салар Ағапур 2019 жылғы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында 8 гол соғып, Азиядағы ең үздік бомбардир атанған.
15 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Испаниямен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Енді Қазақстан 18 қыркүйек күні Ливия құрамасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталды. Дода 6 қазанға дейін жалғасады.

















