Иран cоңғы екі аптада АҚШ пен Израильден келген екі маңызды хабарламаның екеуін де қабылдамаған.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран мен Америка, Израиль арасындағы жуырдағы хабарламалар мен Иранның хабарламаларды қабылдамауы және Нетаньяхудың қоқан-лоқысы туралы деректермен әскери қолбасшы Мохсен Резайидің кеңесшісі Мұстафа Нажафи бөлісті.
Мұстафа Нажафи cоңғы екі аптада Иранға екі маңызды хабарлама жеткізілгенін, бірі АҚШ-тан, екіншісі Израильден келгенін, бірақ Иранның екеуін де қабылдамағанын мәлімдеді.
Вашингтон Тегеранға жолдаған хабарламасында: “АҚШ шектеулі шабуыл жасайды. Сіздер оны қабылдауыңыз немесе тек символикалық түрде жауап қайтаруыңыз қажет» деген талап қойды. Тегеран бұл өтінішті қабылдамай, өздерінің соғыс ережелері мен «қызыл сызықтарын» қайта қарастырғанын мәлімдеп, Иран кез келген шабуылды толық ауқымды соғыс деп есептейтінін қуаттады.
Израиль хабарламасында Тель-Авив делдалдардың бірі арқылы АҚШ-тың шабуылына қатыспайтындығына сендіріп, Ираннан Израильге соққы бермеуді сұрады. Иран бұл өтінішке де теріс жауап беріп, егер АҚШ әскери іс-қимыл бастаса, Израиль бірден шабуылға ұшырайтынын кесіп айтты. Нетаньяхудың соңғы кездегі қоқан-лоқылары осы жағдайға байланысты жасалды.
Иран аймақ деңгейінде де елдерге ескерту жасады Иран Бакуден Риядқа дейінгі аймақтағы барлық елге хабарлама жіберіп, егер бұл елдердің аумағы немесе әуе кеңістігі Иранға қарсы шабуыл үшін пайдаланылса, сол елдердің өздері де соққы астында қалатынын баса айтты.
Өткен аптаның сейсенбі түні АҚШ-тың әскери шабуылынан бас тартуының басты себебі осы болды. Сондықтан операция кейінге шегерілді. Қазіргі уақытта аймаққа көп мөлшерде шабуылдаушы және қорғаныс техникаларын жеткізу арқылы тежеу, Иранның жауабын ауыздықтау, жағдайдың ушығу сценарийіне дайындалу деген үш мақсат көзделуде.















