Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг (ISC) институтының жетекшісі доктор Сейед Ахмед Фазелзаде Иранның 80 университетінің ислам әлеміндегі ең үздік университеттердің қатарына енгенін хабарлады.
Фазелзаде Ислам әлемі университеттерінің 2023 жылғы рейтингі жарияланғанын, бұл рейтингке 57 ислам елі университеттерінің ішінен 33 ислам мемлекетінен 499 университет енгенін мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, рейтингтегі үздік 10 университет Сауд Арабиясы, Қатар, Малайзия, Пәкістан, Ливан, Иран және Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі. Ислам әлеміндегі ең үздік 10 университеттің қатарына Сауд Арабиясы төрт университетімен, басқа мемлекеттер бір-бір университетімен кірді. Осы тізімде Иранның Теһран университеті де бар.
ISC институты басшысының айтуы бойынша ислам әлемі университеттерінің 2023 жылғы рейтингінде Web of Science (WoS) деректер базасында 2019-2021 жылдары кемінде 500 құжат тіркеген университеттер қарастырылды.
Айта кетейік, Ислам әлемі ғылымының дәйексөз орталығы – Иран мен Ислам әлеміндегі университеттердің рейтингін анықтайтын және ислам елдерінің ғылыми журналдарын талдайтын ғылыми ақпараттық база.
Бұл база құру туралы шешім 2008 жылдың қазан айында Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуде өткен Ислам елдерінің жоғары білім және ғылыми зерттеулерінің төртінші отырысында мақұлданды.

















